Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция салатын 6 ірі инвестордың бірі - Борис Джонсон

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  28 сәуірде өткен отырыстары аясында   Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өзінің британдық әріптесі  Борис Джонсонмен  кездесті.

Дипломатиялық ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 Б.Джонсон - «Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция салатын 6 ірі инвесторлардың бірі екенін және өзара тиімді іс-қимылдарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор екенін» атап өтті. Осыған байланысты екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары белсенді түрде жүргізіп отырған экономикалық дипломатияны дамытуға ірі іскер топтарды қатыстыра отырып, таяу арада қазақстандық-британдық бизнес-форум өткізуге қызығушылық білдірілді.

 Британия сыртқы істер офисінің басшысы ЭКСПО көрмесі тақырыбының өзектілігін атай отырып, өзінің оған қатысуға дайын екенін айтты.

Қ.Әбдірахманов сұхбаттасушыны Астана процесінің барысымен таныстырды, оны жалғастырудың маңызды екенін баса айтты. Британдық әріптес Сирия дағдарысының таяу арада шешілуіне мүдделі екенін айтып, Қазақстанның ұмтылысын қолдайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар