«Ұлы дала ойындарына» қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан «Ұлы дала ойындарының» жүлде қоры биыл 24 млн теңгеге жетті, ал қатысуға 600 адам өтініш білдірді, деді бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Донбаев.

Айта кетейік, Алматыда 13 мамырдан бастап ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль 19 мамыр күні мәресіне жетпек.

«Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар он екі ұлттық спорт түрінен: тай жарыс (4 км), құнан бәйге (7 км), топ бәйге (13 км), тегіс бәйге, аламан бәйге (21 км), көкпар, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату және қазақ күресінен додаға түсіп жатыр. Фестиваль қалалық ипподромда салтанатты түрде мәресіне жетіп, қорытындыланады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтіп жатқан аталған республикалық фестиваль биыл қатысушылар жағынан рекорд орнатып отыр. Барлық спорт түрінен 600 адам өтініш білдірген», - деді Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Доңбаев.

Сонымен қатар, ведомсвто басшысы биыл Қазақстан тарихында тұңғыш рет ат жарысынан «Бәйге» республикалық чемпионаты өтіп жатқанын айтты.

«Алматы ипподромына осыншама қатысушының өтініш білдіргеніне қуаныштымыз. Біздің ипподром халықаралық талаптарға сай келетінін білеміз. Біз қазір сапаны арттыра түсуге жұмыс жасап жатырмыз», - деген Әбіл Доңбаев «Ұлы дала ойындарының» жүлде қоры 24 млн. теңгеге жеткенін айтты.  

«Жеке кәсіпкерлер мен Ұлттық спорт түрлері федерациясының қолдауымен жүлде қоры 24 млн. теңгеге жетіп отыр. Бұл ұлттық спорт ойындарының абыройын асырып, қатысушылардың қызығын арттыра түседі», - деді ол. 

null

Соңғы жаңалықтар