Ұлттық университеттерге оқуға түсу үшін талапкер ҰБТ-дан 70 баллдан кем алмауы тиіс

None
None
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Ұлттық университеттерге оқуға түсу үшін талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден 70 баллдан кем алмауы тиіс. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, осындай талап еліміздегі 9 Ұлттық жоғары оқу орындарына қатысты енгізіліп отыр. Олардың ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,  Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университеті, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті оқу орындары қамтылған. Бұл жоғары оқу орындары Астана мен Алматы қалаларында орналасқан.

Ал Қазақстандағы қалған мемлекеттік немесе жекеменшік оқу орындарына түсудің шекті көрсеткіші 60 балл деңгейінде қалады.

Соңғы жаңалықтар