Ұлттық ұлан жауынгерлері Жаңаөзенде ер адамды есірткімен қолға түсірді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ұлттық ұлан жауынгерлері Жаңаөзен қаласында ер адамды есірткімен ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрамында қатардағы жауынгерлер, Василий Шишикин, Мұса Ақәділ және Артем Новиков бар топ кешкісін №3 шағынауданда 14-үйдің жанынан күдікті адамды байқайды. Топ басшысы Василий Шишикин бұл жөнінде кезекшіге хабарлап, Ұлттық ұлан жауынгерлері ер адамға жақындағанда, ол сытылып кетпек болады. Әскери топ ұстаған кезде А. деген азаматтан есірткіге ұқсас зат салынған орама табылды.

Аталған азамат Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, ҚР ҚК 296-бабына сәйкес тексерілді. Аталмыш заттың марихуана екендігі дәлелденді.

Қырағылық көрсеткені үшін үш жауынгер әскери бөлім командирімен ынталандырылды.

Соңғы жаңалықтар