Ұлттық ұлан жауынгерлері Атырауда 24 млн. теңгені қымқырған қарақшыны ұстады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласында шамамен сағат 08.40-та ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546-әскери бөлімнің қызметкерлері, сержант Бекболат Нұртазаев, кіші сержант Серік Рыскелдиев қызметтік автокөлігімен «Бекіре» жедел алдын алу шарасы барысында «Дамба» бекетіне бара жатып, тосын оқиғаның үстінен түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әскери қызметкерлерді белгісіз азамат тоқтатып, жолдан онша қашық емес жерде қарулы ер адамның автокөліктен қашып жүргенін хабарлайды. Жағдайды сол бойда «102» нөміріне және «Дамба» бекетіндегі аға сержант Мұхтар Өрбісіновке хабарлаған Б.Нұртазаев С.Рыскелдиевпен бірге қашқан азаматтың соңына түседі. Осы кезде оқиға орнына ішкі істер органының қызметкерімен бірге М.Өрбісінов те жетіп, төртеуі аталған күдіктіні қолға түсіреді. Оны тінткен кезде қалтасынан «Оса» травматикалық тапаншасы табылды.
null  

Кейін анықталғанындай, бұрын сотталған 1990 жылғы С. деген азамат сыбайласымен бірге қарақшылық шабуыл жасап, пәтер иесі әйелді байлап тастап, 24 млн. теңге қаржысын жымқырып кетіп, бой тасаламақ болған.

Ұсталған күдікті ҚР ҚК 192-бабы 3-бөліміне сәйкес ішкі істер органы қызметкерлеріне тапсырылды.
Қырағылықтары мен батыл іс-әрекеттері үшін аталған әскери қызметкерлер ынталандыруға ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар