Ұлттық ұлан кинологтары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық жүргізіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 наурыз күні сағат 15.00-де 5573 әскери бөлімінің қалашығында Ұлттық ұланның жедел мақсаттағы құрамасының  кинологтары жаттығу өткізбек.

Шара барысында атылмыш әскери бөлімнің 30 қызметтік итінің қатысуымен жарылғыш заттарды, есірткі заттарын іздеп табу және заң бұзушыны құрықтау бойынша арнайы сабақтар жүргізіледі. Сонымен қатар, кинологиялық қызметтің жетекшісімен сұхбаттасу жоспарланып отыр. Ұлттық ұланның кинологиялық қызметі қашан құрылғаны, жеке құрам қандай жаттығулар мен арнайы операцияларға қатысты, олардың қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудағы негізгі міндеттері қандай - осы сұрақтарға полковник Тәңірберген Қырғызбаев жауап беретін болады.  

Соңғы жаңалықтар