Ұлттық банк: Валюта нарығына алыпсатарлық факторы ықпал етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Валюта нарығындағы ахуал біртіндеп тұрақтануда. Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында  ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы бірнеше айда ішкі валюта нарығы басым түрде алыпсатарлық фактормен байланысты жоғары құбылмалылықпен сипатталды. Алайда ахуал біртіндеп тұрақтануда», - деді Д. Ақышев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы 9 айындағы қорытындысы жайында баяндау барысында.

Сонымен қатар Ұлттық банктің алтын валюта резервтері жайында да айтып берді. Ұлттық банктің алтын валюта резервтері 2017 жылғы қыркүйектің соңында 33 млрд АҚШ долларына дейін, яғни 10,2 пайызға өсті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы валюталық активтері 57 млрд АҚШ долларын құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай , Данияр Ақышев инфляция жыл қорытындысы бойынша 6-8 пайыз нысаналы дәліздің ішінде қалатынын мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар