Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған "Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: ұлттық валюта" тақырыбындағы конферения аясында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа 10 000 теңгелік банкнотты таныстырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа банкнотада сақтар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тариx жинақталған. Ондағы галограмма - символдық бейнелер арқылы көрсетілген Астананың панорамалық бейнесіндегі қорғаныш элементтері. Ал ынтымақтастық идеясы Қазақстанның картасы көпұлтты xалықтардың ортақ үйі ретінде бейнеленген. Қазақ Елі монументіндегі Самұрық құс кешегі мен бүгінгінің сабақтастығының белгісі болып табылады. Мерейтолық купюра Президенттің, Ұлт көшбасшысының ел дамуына сіңірген ерен еңбегінің көрінісін бейнелеуге бағытталған", - делінген банкнотты таныстыру бейнебаянында
null  

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздігіне сіңірген еңбегін ескере отырып, аталған купюраны шығару туралы шешім қабылданды. Әлемде ондай тәжірибелер баршылық. "Бұл - жаңа тақырып емес. Нельсон Манделла, Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю, Уинстон Черчил және тағы басқа көшбасшылар өз елдерінің қазіргі валютасында бейнеленген",- дейді Д.Ақышев. Оның айтуынша, жаңа купюра Президент күні - 1 желтоқсанға қарай шектеулі таралыммен бастырылады.
null null
null null null  

Соңғы жаңалықтар