Ұлттық банк: Кредиттеу нарығы біртіндеп қалпына келуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның кредиттеу нарығы біртіндеп қалпына келе бастады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылғы қаңтар-тамызда берілген жаңа кредиттердің көлемі 2016 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 5,7 пайызға ұлғайды. Өсу ұлттық валютадағы кредиттердің 23,2 пайызға немесе 1,1 трлн теңгеге ұлғаюының арқасында орын алды.

«Нәтижесінде экономикаға салынған кредиттердің жалпы көлемі жыл басынан бастап 2,6 пайызға немесе 327 млрд теңгеге арта отырып, 2017 жылғы тамыздың соңында 13 трлн теңгені құрады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Д.Ақышевтың сөзіне қарағанда, заңды тұлғаларға ұлттық валютамен кредиттер бойынша орташа мөлшерлеме 2016 жылғы желтоқсандағы 14,5 пайыздан 2017 жылғы тамызда 13,8 пайызға дейін төмендеген.

Сонымен қатар ол жыл басынан бері теңге саны абсолюттік мәнде 600 млрд теңгеге өскенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар