Украина вице-премьері ел үкіметіне хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Украина министрлер кабинетінің ішкі жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды, деп хабарлады ТАСС.

«Украина министрлер кабинетінің хатшылығына да шабуыл жасалды», - деп жазды ол.

Бұдан бұрын сейсенбіде бірқатар энергия компаниялары компьютерлік жүйелердің жұмысында ақау пайда болғаны жайлы хабарлаған. Украина Ұлттық банкі бірқатар қаржы мекемелеріне сыртқы вирустық шабуылдар жасалғанын айтқан. Мемлекеттік Ощадбанкке, «Люкс» медиахолдингі, Киев метрополитені, Укрпочта, Жаңа почта, басқа да компанияларға  да хакерлік шабуыл жасалған.

 

Бұдан басқа, Украина энергетикалық кешенінің кәсіпорны да қиыншылыққа кезікті. Олардың ішінде «Укрэнерго» желісінің операторлары, энергиямен жабдықтау және энергия өндіруші кәсіпорындар («Киевэнерго», «Запорожьеоблэенрго», «Днепрэнерго») да бар. Бұл ретте олардың негізгі қызметі бұзылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар