Украина ЭКСПО-ға Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті әншілерін алып келмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина биыл Астанада өткелі отырған ЭКСПО-2017 көрмесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті әншілерін алып келмек. 

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасындағы Украина істерінің уақытша сенімді өкілі Володымыр Джиджора мәлім етті.

"Біз энергетика тұрғысынан ғана емес, Украинада бар барлық қызықтарды әкелуге тырысамыз. Украина әртістері де келеді, соның ішінде Президент Назарбаевтың сүйікті әншілерін шақырдық. Елбасы, Президент мырза студент кезде Днепроджерзинскіде оқыған кезде сүйіп тыңдаған музыкадан бөлек, Украинаның қазіргі заманғы музыкасымен де қызығатынын анықтадық. Сондықтан оларды да Қазақстан жұртшылығы мен Президент үшін Астанаға алып келуге тырысамыз", - деді В. Джиджора.

Астанаға қандай әншілер келетіндігін Украина өкіл құпия сақтауды жөн көрді.

"Ол тосынсый болмақ. Әзірге оларды құпияда сақтағымыз келеді", - деді ол.

Айта кетейік, Украина ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа 2016 жылы 16 қарашада қол қойған болатын. В. Джиджораның сөзінше, көрмеге баламалы энергия өндіруші украиналық 10 компания қатысуға ниет танытқан. Олардың қатарында ДТЭК, ФУРЛЕНДЕР Виндтеxнолоджи", "SYNEKO", "SolarGaps" бар.

Соңғы жаңалықтар