Үкімет ұстаздардың табысын қалай көтеру қажеттігін ойластыруы тиіс - Тоқаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет ұстаздардың табысын қалай көтеру қажеттігін ойластыруы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мектептегі  білімнің дамуына тежеуші болып отырған фактор - ұстаз кәсібі мәртебесінің төмен болуы. Бүгінде білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы ең төменгі жалақы деңгейінде қалып отыр. Ол республикалық орташа деңгейдің 66 пайызын құрайды. Үкімет экономикалық мүмкіншіліктерді ескере отырып, ұстаздардың табысын қалай көтеру қажеттігін ойластыруы тиіс.  Бұл өте маңызды. Себебі мектептегі реформалардың табысты болуы педагогикалық жоғары оқу орындарына тікелей байланысты», - деді Сенат спикері.

Сонымен қатар ол біліктілігі жоғары әрі ынталандырылған ұстаз орта білім беру жүйесінің табысты болуының кепілі екендігін баса айтты. 

«Біз мұғалімдерді мемлекеттік наградалармен, сыйақылармен белсенді ынталандырып, олардың еңбегін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға тиіспіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар