Үкімет басшысы министрлерге: «Босаңсуға болмайды»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев министрлерге экономикалық өсім қарқынын төмендетпеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет отырысында жасалған баяндамалар мен статистикалық мәліметтерден көріп отырғанымыздай, биылғы тоғыз айдың қорытындысы жаман емес. Дегенмен де босаңсуға болмайды. Орталық және жергілікті атқарушы органдар экономикалқ өсімді ары қарай қамтамасыз ету бойынша Елбасының қойған тапсырмаларын іске асыруды жүйелі түрде жалғастыруымыз қажет. Сондықтан қалған екі жарым айдың ішінде ағымдағы қарқынмен жұмыс істеуіміз керек», - деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасының биылғы өсу қарқыны сақталып келе жетқанын атап өтті. 

«Есепті кезеңде Қазақстан экономикасы 4,3 пайызға өсе отырып, ағымдағы жылғы қаңтар-тамыздағы өсу қарқынын сақтап қалды. Экономикалық өсуге макроэкономикалық тұрақтылық пен инвестициялық белсенділік, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдайлар ықпалын тигізді. Ең алдымен, бұл сұраныстың жалғасуы және біздің экспорттың негізгі түрлеріне баға конъюнктурасының жақсаруына байланысты. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде қабылданған шаралардың арқасында экономиканың барлық бес саласы бойынша оңтайлы үрдіс байқалып отыр», - деді министр.

Жалпы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі кем дегенде 3,4 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде . 

Соңғы жаңалықтар