Уимблдонның теннис корты өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уимблдондағы теннис турнирі өткізілетін англиялық лаун-теннис және крокет  клубының (AELTC)  жаттығу корты отқа оранды. Келеңсіз жағдай жарыс басталуға небәрі бір апта қалғанда болып отыр.

«Өрт тоннаға жуық құрылыс материалын,20 метрдей жасыл қоршауды, сондай-ақ уақытша  павильонды  жалмап кетті», делінген Лондон өрт сөндіру қызметінің мәлімдемесінде.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төрт өрт сөндіру машинасы мен 21 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.

Оттың қайдан тұтанғаны әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды bbc.com.

Еске сала кетсек, Уимблдон - Үлкен дулыға турнирі өткізілетін ең көне стадион. Бұл жерде ағымдағы жылғы негізгі матчтар 3 шілдеде басталып, 19 шілдеде аяқталады.  

Соңғы жаңалықтар