Уханьда ҚР мен ҚХР өкілдері кедергісіз спутниктік байланысты қолданысқа енгізуді жайын сөз етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Ухань қаласында Қазақстан, Ресей мен Қытай елдерінің Байланыс әкімшілігінің үйлестіру кездесуі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

ҚР Ұлттық байланыс және хабар тарату операторы - «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) ҚР Байланыс әкімшілігі делегациясының құрамында қытайлық тараппен келіссөздер жүргізді.

«РҒБО» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, үшжақты кездесу кезінде өзара тиімді жағдайда «KazSat-2» және «Chinasat-12» спутниктерін қолданысқа беруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«2011 жылы ұшырылған Қазақстанның «KazSat-2» жер серігі 86.5° шығыс бойлық орбиталық позициясында тұрса, 2012 жылдың соңында ұшырылған Қытайдың «Chinasat-12» спутнигі 87.5° шығыс бойлықта орналасқан. Екі ғарыш кемесінің тұрған нүктесінің арасында бір градус қана айырмашылық бар, сондықтан екі спутникті де «кедергісіз» қолданысқа беруді қамтамасыз ету мәселесі көтерілді», - деді кездесуге қатысқан «РҒБО» АҚ вице-президенті Бауыржан Құдабаев.

Қытай Байланыс әкімшілігінің өкілі Ду Тиншан Қазақстан мен Ресей делегацияларының кездесуге қатысқандары үшін ризашылығын білдірді. Бұл кездесуде қытайлық тарап бастамашылық етті, деп атап өтті РҒБО баспасөз қызметі.

Кездесу соңында тараптар оператораралық деңгейде үйлестірушілік талқылауды жалғастыру туралы келісімге келді. 2018 жылы Қазақстан мен Қытай Байланыс әкімшіліктері барлық байланыс ғарыш құрылғыларының техникалық параметрлері көрсетілген құжатқа қол қояды және екі спутниктің де пайдалану сипаттамалары келісілетін болады.

Соңғы жаңалықтар