УЕФА «Жыл командасының» құрамын анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастығы (УЕФА) 2000 жыл басынан бергі үздік футболшылардан құралған команданы атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қауымдастық сайтына сілтеме жасап.

«Жыл командасына» өткен 16 жылда үздік ойынымен көзге түскен шеберлер іріктелді. Олардың арасында атақты қақпашы Икер Касильяс бар. Ол 2007 жылдан бастап №1 жейдені ешкімге бермеген. Қорғаныста испан үштігі: Серхио Рамос, Жерар Пике және Карлес Пуйоль жайғасқан.

Сондай-ақ, неміс капитаны Филипп Лам да үздіктер қатарында. Орталық алаңның шеберлері Хави мен Андрес Иньеста, ағылшындық Стивен Джеррард жоғары ұпайға ие болған. Үздік шабуылшы Тьерри Анри 2000-жылдан бастап «Жыл командасына» 5 мәрте енген. Бұл құрамаға ең көп (11 рет) кірген -Криштиану Роналду. Португалдық футболшыны Лионель Месси өкшелеп қалды. Ол үздік футболшылар қатарынан 8 рет көрінді.

Айта кетейік, Месси 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын бутсы» иегері атанды.  Аргентиналық мерген шабуылшы 74 ұпай еншілеп, Бас Дост пен Пьер-Эмерик Обамеянгты озды.

Соңғы жаңалықтар