Учаскелік полицейлердің жұмысы бейнебақылау арқылы тексеріліп отырады - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда учаскелік полицейлердің жұмысы бейнебақылау арқылы тексеріліп отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникацияар қызметінде қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Пилоттық жоба Алмалы ауданындағы тірек пункттерінің бірінде жүзеге асырылып жатыр.

«Біз оларды өз базамыз арқылы қосып, өз каналдарымыздан учаскелік полицияның жұмысын бақылап отырамыз. Инспектор адам қабылдап жатқанын күнде қарап отырамыз», - деді Жасұлан Байкенов.

Осы мақсатта жергілікті полиция ұлттық телекоммуникациялық оператор - Қазақтелекоммен келісімшарт жасасты. Мұндай камералар барлық терік пункттерінде орнатылады.

Жасұлан Байкеновтың айтуынша, мұндай камералар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек.

Соңғы жаңалықтар