ҰБТ: Төртінші күннің нәтижесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -23 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 18955 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 17828 (94,05%) қатысты, деп хабарлайды БҒМ-нің баспасөз қызметі.

Оның ішінде қазақ тілінде -13 569, орыс тілінде - 4860 адам. ҰБТ 60 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

Тәртіп бұзғаны үшін 1 адам аудиториядан шығарылды, ал оның жауаптары жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің төртінші күнінде 13126 тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл - 79,86.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 - қазақ тілінде және 23618 - орыс тілінде.

 

Соңғы жаңалықтар