ҰБТ-ның үшінші күнінде 16 мыңға жуық тыйым салынған заттар алынған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰБТ-ның 3-ші күнінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

«2017 жылдың 22 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 18 490 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 17 650 (95,4%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -13 569, орыс тілінде - 4 081 адам. ҰБТ 58 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тәртіп бұзғаны үшін 3 адам аудиториядан шығарылды, ал олардың жауаптары жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінде 16 071  тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл - 79,20.

Еске слаа кетсек, биылғы ҰБТ республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92 827 түлек тапсырады, оның ішінде: 69 209 - қазақ тілінде және 23 618 - орыс тілінде. 

Соңғы жаңалықтар