ТЖК жер сілкінісі туралы СМС-тің неліктен кеш келгенін түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыдағы жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желілерде Төтенше жағдайлар комитетінің хабарландыру жүйесіне қатысты сауалдар көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар төтенше жағдай қызметкерлерінен таңертең ғана үнсіз келген СМС хабарламаларды күлкіге айналдырды. Сын-ескертпелер аталған ведомство қызметіне қатысты болғандықтан Төтенше жағдайлар комитеті  оқиғаға қатысты түсінік берді.

null 

«Алматыда ТЖ бойынша халықты құлақтандырудың екі алгоритімі жұмыс жасайды. Біріншісі, халықты дабыл-сөздік құрылғылары, электрсиреналар арқылы «Барлығыңыз назар аударыңыз!» деген сөзін БАҚ және СМС арқылы тарату болса, екіншісі, БАҚ және СМС арқылы арнайы дыбыстық белгілерді қолданбай ескерту жүйесі. Бүгін, таңертең ТЖД басшылығы осы екінші алгоритм бойынша ескерту туралы шешім қабыладады», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, мұндай шешім арнайы жүргізілген мониторинг негізінде қабылданған.

«Ішкі істер департаментінің патруль жасақтары өз учаскелерінде зақымданған нысандар жоқ екенін, барлық гидротехникалық құрылғылар бақылауда болғанын, гидробекеттерден жедел ақпараттар алынып тұрғанын айтып, ахуалдың тұрақты екенін жеткізді. Таңсәріде тұрғындар арасында үрей туғызбас үшін электродабыл құрлығыларын пайдаланбай, тек дыбыссыз СМС арқылы хабарландыру туралы шешім қабылданды», - деп түсіндірді Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, Комитет өкілі қазіргі уақытта ұялы байланыс операторларының технологиясы мәтіні бар СМС хабарламаларды бірден жан жаққа тарата алмайтынын айтты. Оның айтуынша, шамамен, 20-40 минут абоненттерді базадан іріктеу жұмыстарына (соңғы 15-30 күн ішінде Қазақстан аумағында болғандығын анықтау-ред.) кетеді. СМС хабарламалар бір сағат ішінде 200 мыңнан 350 мыңға дейін абонентерге жетеді.

«Бүгінгі күн технологиясының мүмкіндігі осы. Қазіргі СМС хабарлама тарату жүйесін жедел, шұғыл ақпарат тарату құралы емес, хабарландыру, құлақтандыру құралы деп қарастыру керек. Бүгінгі таңда жер сілкінісін дәл болжайтын технология жоқ», - дейді Р.Иманқұлов.

Еске сала кетейік, 9 тамыз күні сағат 5.28-де жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 485 шақырым қашықтықта болған. Алматылықтар 4 балдық жер тербелісін сезді.

null null 

Соңғы жаңалықтар