Туынды ерекше стильде жазылған - Көшкінбаев Елбасының жаңа кітабы туралы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу орталығы директорының орынбасары Санат Көшкінбаев Елбасының жаңа «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кітаптың өзі өте қызықты әрі жанды стильде жазылған. Президент өз сөзінде жазғандай, сыртқы саясат ішкі саясаттың бейнесінің жалғасы болып табылады. Қазақстан Президенті ұстанып отырған ішкі саясат қазақстандық дипломатияның жарқын моделі. Бұл термин кітапта жиі аталып өткен. Біздің мемлекетте болған жаңғыртудың үш кезеңінің де ішкі саяси жетістіктерімен үйлесіп отырғаны тегіннен-тегін емес», - деді ол кітаптың тұсаукесерінде.

Санат Көшкінбаев өз сөзінде туындыда Қазақстанның ішкі саясатының жарқын жетістіктері, атап айтқанда ішкі саяси және ішкі экономикалық өзгерістердің қалай жүзеге асырылғаны баяндалатынын атап өтті. Сарапшы сонымен бірге, кітапта аймақтық қауіпсіздік мәселесі де кеңінен қаузалғанына тоқталды.

«Бағыт-бағдардың бірі - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) болып отырғаны тегін емес. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Орталық Азиядағы интеграциялық бастамалары елді алға жетелер тағы бір артықшылыққа айналды. Ташкенттегі сонау 1993 жылғы саммиттен бері Мемлекет басшысының ұсынысымен біз және бізге көршілес мемлекеттер шоғыры «Орталық Азия» аймақтары атала бастады. Қазақстан осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы елдермен қарым-қатынас жасаудың интеграциялық моделін ұстанып келеді. Иә, қиындықтар да аз болған жоқ. Бірақ, 26 жылдың ішінде осынау интеграциялық стратегия өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері болып өтті. Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.

Соңғы жаңалықтар