Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 332.80
EUR 390.57
RUB 5.60
CNY 49.88

Түрмеден шыққандарға «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы көмектесті

Түрмеден шыққандарға «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы көмектесті
2017 жылғы 21 сәуір 18:02 1044

 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті КА-168/2 түзеу мекемесімен бірлесіп «Қақпа алдында кездесу» жобасын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Түрмеден шыққандарға «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы көмектесті
Сотталғандар жазасын өтеп шыққан соң қайда барады? Бұл сұрақтың жауабы түрме ішінде қойылды. Бүгін Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен КА-168/2 түзеу мекемесі қауіпсіздігі орташа сотталғандармен кездесу өткізді. Түзету мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» жобасы қолға алынды.

«Қақпа алдында кездесу» жобасының мақсаты - сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу, қылмыстың қайталануын алдын алу. Түзету мекемесінен шыққан адамдардың проблемаларын анықтау және шешу жобасына жергілікті атқарушы органдар және қоғамдық ұйымдар қатысты. Жоба аясында әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру іске асырылып жатыр»,- деді КА 168/2 түзету мекемесінің бөлім бастығы Бағдат Исмаилов.

Есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеген А. Сағынбеков бүгін түзету мекемесінен шықты. Ол алдымен жан-жақты ақпараттандырылып, денсаулығын тексертіп алды.

Түрмеден шыққандарға «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы көмектесті  

«Қақпа алдындағы кездесу» өте жақсы ұйымдастырылған. Ал Пробация үйінде әлеуметтік жағдайым анықталып, медициналық тексеруден өттім. Мамандар  біліктілікті арттыру, жұмысқа орналасу бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Шынымды айтсам, мұндай көмекті күтпедім. Барлығына рахмет айтамын. Бұл жерге қайта оралғым келмейді»,- деді А.Сағынбеков.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында «Пробация үйі» жұмыс істеп тұр. Мұнда құқық қорғау органдарында есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі. Пробация үйінде Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, облыстық Әділет департаментінің, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының, Ақтөбе қаласының әлеуметтік бейімделу орталығының, прокуратураның қызметкерлері тұрақты жұмыс істейді.  

 

 

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Жұмыспен қамту,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер