ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының үздіктер сыйлығы табысталды.

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Кастамону қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер өкілдерінің қатысуымен 2017 жылды қорытындылау жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырған салтанатты шарада түркітілдес елдердің рухани өміріне үлес қосқан бірқатар азаматтарға үздіктер премиясы табысталды.

Мәртебелі жиынға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман, Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз, Кастамону қаласының басшысы Тахсин Бабаш жəне Түркияның бірқатар қалаларындағы губернаторлар мен əкімдері, Түркі елдерінің өкілдері қатысты.

Осы орайда ТҮРКСОЙ ұйымының және бауырлас мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен бірлігін насихаттауға ерекше еңбегі сіңген Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Гагаузия жəне Солтүстік Кипр, Болгария, Македония, Түркия елдерінің ақын-жазушылары мен журналистеріне «Баспасөз сыйлығы» мен арнайы диплом жəне бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, Түркі елдеріне ортақ маңызды іс-шараларды кеңінен насихаттауда айрықша үлес қосқаны үшін біздің елімізден Оңтүстік Қазақстан облысының Мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының редакторы Мәдина Айтпенбетова мен «ҚазАқпарат» ХАА редакторы Жанар Мұхамедиярова марапатталды.

Соңғы жаңалықтар