Түркиядан Ақтауға құнды заттарды контрабандалық жолмен жеткізіп келген желі анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық қылмыстарды іздестіру (ЭҚІҚ) қызметінің өкілдері Түркиядан әшекейлік және күмістен жасалған бұйымдарды контрабандалық жолмен тасымалдап келген ірі үш желінің жолын кесті. ҚР азаматтары құны 30 млн теңге болатын 10 келі әшекейлік бұйымдарды алып шықпақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әуежай-Ақтау» кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылған жедел-іздестіру шараларының барысында Қазақстан азаматтары ұсталып олардың жеке заттарын тексеру барысында кедендік бақылаудан жасырын ұстап келген әшекейлік бұйымдар табылды. Ұсталған азаматтар құны 30 млн теңге болатын 10 келі әшекелйік бұйымдарды елімізге заңсыз кіргізбек болған»,-деді Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Мақсат Ақмұратов.

Сонымен қатар, ЭҚІҚ қызметкерлері мен «Теңіз порты» кедендік бекетінің өкілдерімен бірлескен жедел-іздестіру шараларының барысында ірі көлемде халық тұтынатын тауарлар, нақтырақ айтқанда, автомобильдердің бөлшектері табылды. Оны Бірріккен Араб Әмірліктерінен Ақтау теңіз портынан заңсыз алып шықпақ болған. Көлемі 50 тонна болатын 500-ден астам тауар түрлері тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар