Түркияда сайлау учаскесі маңында атыс болды, құрбандар бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Диярбакыр қаласында белгісіз біреулер сайлау учаскесінің маңында атыс ұйымдастырған.  Салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады.  Life.ru  жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес қақтығыс сайлаушылардың екі тобы арасында болған. Қарсыласқан уақытта олар қарудан бөлек, пышақ, таяқтар пайдаланған.

Еске салсақ, елде Президенттік басқару жүйесіне ауысуды көздейтін конституциялық өзгерістер пакеті бойынша референдумда дауыс беру жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар