Түркияда референдумның соңғы қорытындылары жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда конституциялық референдумның соңғы қорытындылары жарияланды. Елдегі Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Сади Гювеннің хабарлауынша, референдумда халықтың 51,4% конституцияға өзгерістер енгізуді қолдаған, ал 48,6% қарсы дауыс берген.

Енді Түркия конституциясына 18 түзету енгізіледі. Олар президентті парламент шешімімен емес, тікелей дауыс берумен сайлауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, премьер-министр лауазымы қысқартылып, министрлерді тағайындау құқығына президент ие болады. Сонымен бірге, мемлекет басшысы парламентті таратып, төтенше жағдай енгізе алады.

Еске сала кетсек, дауыс беру 16 сәуірде өтті.

Соңғы жаңалықтар