Түркияда Құрбан айт мерекесіне орай 10 күн демалыс беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай түркиялықтарға 10 күн демалыс беріледі. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Бұл шешім үкіметтің кеңейтілген отырысында қабылданған. Осыған сәйкес мереке күндері қалааралық бағыттар бойынша автожолдар мен көпірлерде көлік қатынасына ақы алынбайды. 10 күндік демалыс әсіресе туризм саласындағы кәсіпкерлерді ерекше қуантты.

Эгей туристік қауымдастығының төрағасы Мехмет Ишлердің айтуынша, Құрбан айтта 1 млн-ға жуық саяхатшы келеді.

«30 тамыз Жеңіс мейрамы биыл Құрбан айтқа ұласады. Осыған байланысты отандастарымыз туған-туыстарын аралауына зор мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ мерекелік демалыс отандық туризм саласына және сауда айналымына да оң ықпалын тигізеді деп есептейміз»,-дейді ТР премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздақ.

Соңғы жаңалықтар