Түркияда дауыс бергендердің 50 проценттен астамы Конституцияға түзету енгізуді қолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Конституцияға президенттік билікті енгізуді қарастыратын түзетулерді дауыс берген азаматтардың 54 проценттен астамы қолдады, 75,5 процент бюлллетень қаралды. Бұл мәліметтерді Орталық сайлау комиссиясы жанында орналасқан және дауыс беру қорытындыларын жария етуге құқылы Анатолий агенттігі таратты, деп хабарлайды ТАСС.

Барлығы расталған 37 млн дауыс саналды. Дауыс беруге келушілер саны Түркия бойынша орташа алғанда 85-86 процент көлемінде.

Анкара мен Стамбулда конституциялық реформаларды қолдаушылар саны 52 және 50 процентке дейін құлады. 2007 жылы өткен референдумда да тікелей президент сайлауына байланысты салмақты түзетулер енгізілген болатын. Онда түзетуді қолдаушылар саны 68,95 процентті құрады.

Соңғы жаңалықтар