Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары бастаңғы жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкара қаласында білім алып жатқан қазақ жастары Қазақстанның Түркия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен табиғат аясында бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елшіліктің Фейсбуктегі ресми парақшасындағы мәліметтерге қарағанда, шараға Түркия астанасында  орналасқан түгел дерлік жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар мен Ph.D докторанттар және елшілік қызметкерлері қатысты.

Түркиядағы қазақ жастарының бір-бірімен жақын танысуына мүмкіндік туғызып, өзара достық - жолдастық қатынастарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы қатысып, жастардың білімді, тәжірибелі, кәсіби маман болуына тілек білдіріп, еліміздің беделі мен жетістіктерін өз деңгейлерінде танытуға ат салысуға шақырды. Анкара өлкесінің жасыл аймағы ‒ Гөлбашы Моган Паркінде бас қосқан қазақ жастары асық ойнау, арқан тартыс, т.б. ұлттық ойындарда күш сынасып, басқа да футбол, волейбол сынды спорттық жарыстарға қатысты.

«Қазақ жастарының мұндай дәстүрі алдағы уақытта да жалғаса беретінін айтқан Елші ойын жеңімпаздары мен белсенді жастарға Қазақстан Елшілігінің арнайы сыйлықтарын тапсырды. Елшімен еркін сұхбат құрып, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болған қазақ жастары да өздеріне ұдайы қолдау білдіріп, көмек көрсеткені үшін Елшілікке арнайы Алғыс хат табыстап, алдағы уақыттағы жоспарларымен пікір бөлісті», - делінген Фейсбуктегі ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар