Түркістанда түркітілдес ұлттар арасындағы опера жұздыздарының ән фестивалі өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Түркістанда Қазақстанның Халық әртісі, әнші Жамал Омарованың 105 жылдығына арналған XX-шы ТҮРКСОЙ Халықаралық Опера жұлдыздарының фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есімхан алаңында ұйымдастырылған халықаралық шараны Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов пен Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев ашты.
null 

Фестивальды ұйымдастырушылар бұл шараның түркі елдерінің ұлттық операларын жаңғырта отырып бірлігін нығайтуға, түркі елдерінің қазіргі заман опера өнерінің жарқын өкілдерін таныстыру мен олардың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілгенін айтады. Түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту және түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді көздейді.

Опера жұлдыздарының басын қосқан шарада Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының опера жұлдыздары өнер көрсетті. Атап айтқанда, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Әсел Бекбаева, Қарақалпақстанның еңбек сіңірген әртісі Жеңісбек Пиязов, Түркия мемлекетінен Халықаралық байқаулардың лауреаты Чанер Акгюн, Өзбекстаннан Халықаралық байқаулардың лауреаты Немат Хабибов, Астана Опера театрының солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солистері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Талғат Күзембаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзат Дәуірбаева және Болат Бөкенов, облыстық опера және балет театрының жетекші солистері ҚР Мәдениет қайраткері Үралхан Сейлбекова, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлжан Раскалиева, Марат Оразметов, Ерлан Жандарбай, Мәдіхан Дүйсеев, Жұмабек Қаңтарбаев, Қаракөз Әбдішәріпова, Айдос Иманжаппаров, Қарлыға Бердияр көпшілік алдында өз өнерлерін паш етті.
null 

Сонымен қатар бас дирижері ретінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры және көркемдік жетекшісі - Асқар Бөрібаев шақырылып, Қарақалпақстанның Халық әртісі, Өзбекстандағы Алишер Навои атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері Аида Абдуллаева және Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының бас дирижері Қуаныш Исмаиловтар да қатысты.

Соңғы жаңалықтар