Түркістанда Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған конференция өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандарының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Конференция жұмысына еліміздегі танымал тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен мамандары қатысты. 

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай өткізілген конференция жұмысына сәттілік тіледі. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хатын оқып берді. 

Министр құттықтау хатта, «осындай өзекті мәселелерге арналған басқосулар ел мәдениетінің өркендеуі мен тарихи санамыздың жаңғыруына әкеледі. 

Батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы қайраткерлік күрестеріне арналған бүгінгі конференция төл тарихымызды тереңірек зерттеуге, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін",-деп өз пікірін білдірген.

Конференция барысында «Киелі жерлер - ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны», «Орбұлақ шайқасы туралы деректер сыр шертеді», «ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік тарихы», «Жоңғар хандығының қазақ даласына жасаған жорықтары», «Жалаңтөс баһадүр», «Орбұлақ шайқасындағы - Салқам Жәңгір»  сынды құнды деректерге толы баяндамалар оқылды.

Соңғы жаңалықтар