Түркістанда он жыл іздеуде жүрген барымташы сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда іздеуде жүріп он жылдан кейін ұсталған барымташы сотталды. Мал ұрлығын кәсіп еткен ол үнемі тек ұрының малын тасымалдауға жалданған адамның кейіпінде болғаны анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Түркістан қаласының прокуроры Руслан Әбдірайымовтың сөзінше, әккі ұры құзырлы орган өкілдерінің мал және пәтер ұрлығын жасауға бейім адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізу кезінде ұсталған. Ол қалада соңғы екі жылда топпен бірге үш рет ұрлаған. Яғни, «Газель» автокөлігімен ұрланған малдарды тасымалдаған.

«Барымташы тергеу кезінде берген жауабында «малдың ұрланған екенін білмедім» деп, үнемі тек ұрының малын тасымалдауға жалданған адам сияқты көрінгісі келген. Алайда оның басқа қылмыстарға қатысы барын тексергенде, 9 жыл бұрын 3 млн теңгенің ірі қара малын ұрлағаны анықталды. Мұрағатта жатқан қылмыстық іс бойынша, яғни 2008 жылы 4 сәуірде Созақ ауданындағы Жартытөбе ауылында мал ұрланған жерден табылған ыдыста осы «Б» деген азаматтың саусақ іздері табылды»,-дейді қала прокуроры.

Ал, бүгін Түркістан қалалық соты бірнеше мал ұрлығын жасаған барымташыны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Оның сыбайласы болса 3 жылға темір торға жабылды. Прокурордың айтуынша қала аумағында төрт түлікті ұрлайтындармен күрес жұмыстары әлі де жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар