Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Түркістанда таэквондодан жасөспірімдер арасында республикалық турнирдің жалауы көтерілді. Дүбірлі дода Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналды.

 Осымен үшінші рет өтіп отырған бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 713 жас спортшы қатысуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Түркістандағы бұл байрақты бәсекеге еліміздің түпкір-түпкірінен 10 команда келді. 6 мен 11 жас аралығындағы 700-ден астам спортшы онда жас ерекшелігі бойынша 2 топқа бөлініп, өзара күш сынасуда. Жарыс WTF - Бүкіл әлемдік таэквондо федерациясының ережесіне және шарттарына сәйкес олимпиадалық жүйемен өтуде. Әр жекпе-жек 2 минуттан, 3 кезеңде өрбиді.  

Айта кетейік, спорттың бұл түріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл спорттағы жастардың белсенділігі де жоғары.  Сондықтан Түркістан шаһарында бастау алған турнирдің жыл сайын ауқымы артып, қатысушылары көбеюде. 

Соңғы жаңалықтар