Түркістан қаласында жергілікті тұрғын мал ұрлығын ашуға көмектесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан ҚІІБ-ның басшылығы ерекше қырағылық танытып, мал ұрлығын ашуға көмектескен 28 жастағы Сембиев Нұрдаулетті салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды ОҚО ІІд баспОасөз қызметі.

Оқиға 2017 жылдың 8 қазан күні болған. Түркістан ҚІІБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 31 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында түнгі уақытта белгісіз тұлғалар жайылымда жүрген 6 бас асыл тұқымды ангус сиырын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 3 миллион теңгені құрап отыр. 

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бабы бойынша Түркістан ҚІІБ-ның СДТБТ-не тіркелді.

2017 жылы қазан айының 8 күні таңғы уақытта Түркістан ҚІІБ-ның кезекші бөліміне 28 жастағы жергілікті тұрғын келіп, полицейлерге оны бір ер азамат малдарын базарға апаруын өтінгені жайында хабарлады. Бұл жүргізушінің күдігін тудырып, осы жайлы полицияға хабар берген.

Жедел із кесушілер жүргізушімен бірге базарға келіп, күдікті тұлғаны көрсетті. Тәртіп сақшылары мал ұрлаушыны «Ізін суытпай» ұстады.  Ол Түркістан қаласының 1955 жылғы тұрғыны болып шықты. 

Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған азамат жайылымнан малды ұрлап, сатпақшы болған, ал ақшасын өз қажеттілігіне жаратпақшы болған. Айғақ ретінде  полицейлер ұрланған малдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

null 

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-ші «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар