Түркі әлемінің суретшілері Отырар және Сауран қалашықтарын аралады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясындағы ХХ-шы ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің суретшілерінің плэнері Отырар жəне Сауран қалашықтары мен Арыстан баб кесенесінде жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы келген  Түркі әлемінің суретшілері Отырар және Сауран қалашықтарын аралады. Тарихи орындардың кешегі және бүгінгі кейіпін бейнеледі. Арыстан баб кесенесі мен тарихи, мәдени ескерткіштерді салды. Тәжірибелі фотографтар болса қойнауы тарихқа толы қасиетті жерлердің суреттерін түсірді.  Оңтүстік өңірінің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктері мен көз тартарлық орындарын бейнелейтін халықаралық деңгейдегі өнер шығармаларын жасап, насихаттауға тырысты. Бейнелеу өнерінде жаңа көркем бағыттар және пластикалық шешімдер мен формаларды іздестіруді назарға алды.
null
Пленэрге келген 9 мемлекеттің қылқалам шеберлері алдағы күндері Хан тағы мен Қаратау қорығы аумағы, Бәйдібек ауданының Ақмешіт пен Қостұра аймағы, сондай-ақ  Қазығұрт, Сайрам-Өгем тау шатқалдары, Шымкент қаласының көрікті орындарына сапарлайды деп күтілуде.

Ал, 22 тамызда облыстық Бейнелеу өнері музейінің көрме залында  пленэр барысында салынған жұмыстардың қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты мен марапаттау рәсімі өтетін болады.

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар