Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі қашан жекешеленеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін жекешелендіру 2018 жылға жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ төрағасының орынбасары Айдар Арифханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-ын жекешелендіру бойынша біз 17 мамырда банкті дайындау, стратегиялық инвестор іздеу және банк акцияларын сату бойынша мәмілелерді сүйемелдеу үшін қаржылық консультант «Шольц фон Гляйх»  компаниясымен келісімшарт жасастық», - деді ол. 

Оның айтуынша, бүгінгі күні банкке инвестиция алдындағы сараптама жасау жұмыстары, индикативті бағалау жүргізіліп, әлеуметтік  инвесторлар мен серіктестердің тізімі әзірленген. Сонымен қатар әлеуетті халықаралық инвесторларға ұсыныс хаттар жолданған. Мәмілеге қызығушылық танытқан инвесторлармен келіссөздер де жүргізілуде.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін қызығушылық  танытқан инвесторлармен барынша тыңғылықты келіссөздер жүргізу және олардан мәмілеге қатысуға ниеттестігі туралы ұсыныстар алу жоспарланып отыр. Біз қаржы қызметі мен ипотекалық несиелеу нарығындағы жетекші ойыншылардан халықаралық инвесторлар тартқымыз келеді. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін жекешелендіруді 2018 жылдың екінші жарты жылдығында аяқтау жоспарлануда», - деді Айдар Арифханов.

Соңғы жаңалықтар