«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» күнделікті ашылатын депозиттер көлемі 3 есе артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 3 сәуірден бастап депозит ашуға және келісім-шарт сомасын ұлғайтуға тағайындалған комиссия көлемін 0 теңге қылып бекіткеннен бері жаңадан ашылған жинақ салымдарының саны күрт артты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Біз бұл комиссияның психологиялық және қаржылық тұрғыда өз клиенттерімізге кедергі болып келгенін жақсы түсінеміз. Сондықтан, сәуірден бастап комиссия алмайтын болдық. Бұл біз жоспарлағандай тиімді әсерін берді, яғни жаңадан ашылып жатқан депозиттер көлемі өсуде. Сонымен бірге, комиссияның жойылуы белгілі-бір мерзіммен шектелетін науқан емес, бұл тұрақты түрде жұмыс істейтін болады», - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бұрын аталған қызметтер үшін комиссиялық алымның мөлшері  шарттық соманың және депозитті толықтыру сомасының 0,55%-ын құраған еді. Осыған байланысты, көптеген салымшылар депозиттің шарттық сомасын 1 млн. теңгеден асырмай келген. Ал, бұл өз кезегінде баспана алу үшін жеткіліксіз.

Егер, 2016 жылы күнделікті орта есеппен 1 мың ТҚЖ шарты жасалған болса, ал ағымдағы  жылдың 3 сәуірінен бастап күнделікті ашылған депозиттердің орташа саны 2,9 мың бірлікті құрап отыр. Комиссияны алып тастаған сәттен бастап,  барлығы 50 мың депозит ашылған. 

Соңғы жаңалықтар