Турецкий хоры мен 300 биші алматылықтарға өнер көрсетеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Алматының 8 ауданында дәстүрлі салтанатты іс-шаралар өтеді. Бас сахна Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында құрылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Мерекеге келген қонақтарды өз өнерімен қазақстандық эстрада жұлдыздары мен қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қуантады. Этномәдени бірлестіктердің шатырларында мегаполисте тұратын әр халықтың тарихы мен салт-дәстүрі таныстырылады», - делінген хабарламада.    

Мерекелік концертте «Сарын» тобының орындауындағы әндер мен 300 адамның қатысуымен орындалатын «Қазақстан  ортақ үйіміз!» хореографиялық қойылымы болмақ. Сондай-ақ, Әлішер Кәрімов сынды бірқатар танымал эстарада жұлдыздары өнер көресетеді.

Оған қоса, концертке Турецкий хорының ұжымы қатысады, олар қазақ тіліндегі композицияларды орындайды.

Соңғы жаңалықтар