Түнгі нөсерден Алматы үйлерін су басты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда толассыз жауған нөсерден болған төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары белсенді жүріп жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Су басқан көшелерде құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар су сорғыту жұмыстарын атқаруда.

2017 жылдың 28 сәуірінде сағат 00:15-те Алматыда жауған мол жаңбыр салдарынан 60 су басу жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, 11 жеке тұрғын үйді су басқан, 37 ауланы және 9 көшені, «Азия» базары аумағындағы 3 нысанды, «Алматы Оптика» дүкені (Алмалы ауданы) мен «Ботагөз» жеке балабақшасы аумағын су басты. Алатау ауданындағы саманнан салынған баспана қирады.

ТЖ департаменті мен Құтқару қызметі бірлесіп, су сорғыту жұмыстарын іске асырып жатыр. Оған 50 адам, 20 дана техника, 24 мотопомпа жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

абая жарокова 92. Затопило подвал и подъезд, как там частный сектор неподалеку? #жестькз #жестькз

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz) Апр 27 2017 в 10:56 PDT

Ауезова - Габдулина. Норм ливень прошёлся #жестькз

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz) Апр 27 2017 в 8:35 PDT

Соңғы жаңалықтар