Түмен - Ханты-Мансийск тас жолында 11 бала ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск автономды округінде жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол-көлік апатында қаза болған балалардың саны 11-ге жетті, деп хабарлайды Ресей жаңалықтар агенттігі шұғыл қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, Түмен - Ханты-Мансийск тас жолында автобус, жүк көлігі және екі жеңіл машина соқтығысты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, автобуста спорттық акробатика бойынша жарысқа қатысып, Ханты-Мансийскіден Нефтеюганскіге қайтып келе жатқан  балалар командасы болған.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Уральск өңірлік орталығының ақпаратынша, ауруханаға жеткізілген 23 адамның 20-сы - балалар.

«Он адам, соның ішінде тоғыз бала оқиға орнында көз жұмды, тағы екі бала емдеу мекемелеріне жеткізу кезінде көз жұмды», - деп атап өтті агенттіктің сұхбаттасы.

Оның айтуынша, 22 адам, соның ішінде 16 бала түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен Ханты-Мансийск қаласындағы Округтік клиникалық ауруханаға жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар