ТҮҚЖБ үлестік құрылыс нысандарын кепілсіз несиелеуге кіріседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас жоспарлар бойынша Астана мен Алматы қалалары аумағында жеке тұрғын үйге он сотықтан жер телімдері бөлінбейді. Бұл туралы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкіметтегі баспасөз мәслихатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры жұмыс істеуде. Ол құрылысты аяқтау тәуекелдеріне кепілдік беруге және азаматтарға үлестік құрылысқа қатысуға мүмкіндік жасау үшін құрылды. Бұл бағыттағы шаралар өркениетті жолмен іске асырылады. Осы орайда жақсы жаңалықты хабарлағым келеді, енді алғашқы жобаны, яғни бірінші қыркүйектен бастап «Астана Миллениум Парк» кешені бойынша шаршы метріне 290 мың теңгеден салымшыларға баспананы өткіземіз»,-деді Л. Ибрагимова.

Бұл тұрғыда ол үлестік қатысуға несиелер кепіл мүліксіз берілетінін атап өтті.

«Оларға несиелік желіні ашып, несиелерді кепіл мүліксіз береміз. Яғни кепіл мүлік ретінде үлестік қатысудың келісімшарты болады. Себебі «Базис» компаниясының аталған нысаны Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен кепілдендірілген. Бұл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан осы бағытта баспана алуға ниеттілердің барлығын шақырамыз»,-деді Ләззат Ибрагимова.

Соңғы жаңалықтар