Туған қызын зорлаған қостанайлық 15 жылға сотталды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны қаршадай қызын зорлағаны үшін 15 жылға соттады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Қостанай облысының 38 жастағы тұрғыны екі жыл бойы, яңни 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта өзінің 2001 жылы туған қызына зорлық көрсетіп жүрген. Сот оны ҚР ҚК 120 бап, 4 бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан және өмір бойына педагогикалық қызметтер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жұмыспен айналысу құқынан айырды», - делінген хабарламада.

Жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар