Трамп Астанадағы ЭКСПО-2017-ге делегация жібереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп тамыз айының соңында Қазақстанға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Президент делегациясын жібереді. Делегация мүшелерінің тізімі Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды.

«Бүгін президент Дональд Трамп 2017 жылдың 28 тамыз күні Астана қаласындағы «Болашақ энергиясы» ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Қазақстан Республикасына сапар шегетін президенттік делегацияны тағайындады», - делінген Ақ үйдің баспасөз парағында.

Баспасөз-баянындағы мәліметтерге сәйкес, энергетика министрі Рик Перри делегацияға басшылық етеді. Сондай-ақ, оның құрамында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол, конгрессмен Кевин Крамер, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары Лиза Кертис, General Electric және Overseas Private Investment Corporation өкілдері бар.

Соңғы жаңалықтар