Той кортежі Қаскелеңде жол ережесін өрескел бұзды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаскелеңде той кортежі жол ережесін өрескел түрде бұзды, деп хабарлайды patrul.kz.

Қаскелеңде той кортежінде кетіп бара жатқандар орталық көшелердің бірінен өтіп, өздерінің той тойлап жүргендерін дөрекі түрде айқайлап жария еткен. Бұл көрініс кездейсоқ жүргізушілердің бірінің бейнекамерасына түсіп қалған.

«Жастар әсем етіп безендірілген көлік колоннасымен жүріп қана қоймай, қаскелеңдіктерге өздерінің той тойлап жүргенін көліктің терезесінен айқайлап тұрып жеткізген»,-деп хабарлайды портал.

Айта кетейік, көліктердің бірі мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргендігін айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар