Тоңазытқыштан табылған мүрделер: Тірі қалған баламен психологтар жұмыс жасап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері тоңазытқыштан табылған балалардың тірі қалған бауырының денсаулығы туралы айтып берді.

Қазір Рафиль Волченко №2 қалалық балалар ауруханасында бөлімшеде жатыр.

2 жастағы баланың психо-моторлық дамуы кешеуілдеп қалған.

«Бала сөйлемейді. Бірақ айтқанды түсінеді. Психо-моторлық дамуы артта қалған. Бұл педагогикалық тұрғыдан көмектің болмағандығын көрсетеді. Баламен отбасында ешкім сөйлеспеген. 2 жастағы бала жақсы сөйлеуі керек. Қазір баламен психолгтар, невропатологтар жұмыс жасап жатыр», - деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Әсель Бисенбаева.

Маманның айтуынша, қазір балаға туысқандары келмейді. Себебі, кездесудің бәрі тергеушінің рұқсатымен жүзеге асады. Тергеуші тергеу амалдары біткенше тыйым салған.

Сонымен қатар, сот шешімі шыққанға дейін Равиль Балалар үйіне жіберіледі.

«Ауруханадан шыққан соң баланы балалар үйіне рәсімдейміз. Балалар үйінде Равиль оңалту курсынан өтеді», - деді Әсель Бисенбаева.

Айта кету керек, 2-3 жастағы Равильді Самал шағын ауданындағы аулалардың бірінде адамдар тауып алып полиция шақырған.

Бала аулада 3 күн жүрген көрінеді. Ұлды әкесі мен шешесі Алла Волченко мен Равиль Гильмутдинов әкеп тастап кеткен. Кейінірек полиция оларды мас күйінде тауып алған.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар қанқұйлы қылмысқа қатысы бар болып шықты.

Балалардың айғайшуынан шаршаған отағасы екі кішкентай ұлын буындырып, жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқышқа салып кеткен. Бұл іске олар өзара келісіммен барған. Ал үлкен ұлдары Равильді қалада қаңғыртып жіберіп, құтылмақ болған.

Қазір ерлі-зайыптылар қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар