Тоқаев елордадағы сенбілікте тал отырғызды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жоғарғы Палата депутаттары мен Аппарат қызметкерлері дәстүрлі қалалық сенбілікке қатысты.

Елорданың сол жақ жағалауындағы Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысындағы шара барысында жүзден астам қарағай, тал, жөке және терек көшеттері отырғызылды.
null

nullnullnull
Еске сала кетсек, бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұжымы да елордадағы жалпықалалық сенбілікке қатысты .

«Қаланы таза қылайық!» экологиялық акциясына Астананың барлық шығармашылық ұжымдары да атсалысты. Сенбілік кезінде театр және кино актерлары Нұркен Өтеуілов, Қуандық Қыстықбаев, эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Нұрғали Тұрлыбеков, Ринат Мальцагов, «Дабыл» тобы, «Астана.KZ» КТК командасының қатысушысы Мәлік Хасенов және тағы басқа танымал азаматтар Есіл өзенінің жағасын жинап шықты .

Соңғы жаңалықтар