Тоқаев бастаған парламенттік делегация Қытайдың жоғары технология орталығы - Шэньчжэнде болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда ресми сапармен жүрген Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Гуандун провинциясында орналасқан ірі индустриялық, технологиялық, қаржы және көлік орталығы - Шэньчжэнь қаласында болды.

Шэньчжэньде сенаторлар бірқатар индустриялық нысандарды аралады, олардың ішінде қытайдың ірі «Huawei» телекоммуникация компаниясы, автомобиль жасайтын «BYD» және монорельсті «Skyrail» трамвай желісі корпорациясы бар. Бұл нысандар кездейсоқ таңдалған жоқ - Қазақстан осылай жоғары технологиялар, телекоммуникациялар және қазіргі замандағы көлік құралдары саласы бойынша ынтымақтастыққа ықылас танытып отыр.

null  

Түстен кейін қазақстандық парламентшілер Шэньчжэнь университетінде болды. Университет ректоры Ли Чинчуанмен әңгіме барысында екіжақты, оның ішінде инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы ғылыми байланыстарды дамыту, ғалымдар мен студенттерді алмасуды ұлғайту мүмкіндіктері қаралды. Ли Чинчуан Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен әріптестікті дамытуда Сенат Төрағасының зор үлесіне тоқталып, Қ.Тоқаевқа Шэньчжэнь университетінің Құрметті профессоры атағын берді.

null  

Сенаторлар сапар барысында «Миниатюра Қытай» паркі мен этнографиялық ауылмен танысуды да көздеп отыр.

null  

Соңғы жаңалықтар