Тоғанға құлаған баланы екі әпкесі құтқармақ болған - үшеуі де ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балалар ата-анасының қарауынсыз тоғанның маңында ойнап жүрген. Кенеттен  олардың біреуі көпірден құлап кеткен.

Әлеуметтік желіде Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында болған осынау қайғылы оқиға жайлы видео пайда болды. Видеодан көпірдің маңында ата-анасының қарауынсыз үш баланың ойнап жүргені көрінеді. Алдымен кішкентай ұл бала суға құлап кетеді, ал оны құтқармақ болып артынан екі әпкесі кезектесе секірген. Өкінішке қарай, үшеуі де ажал құшты. Жазатайым қаза тапқан бүлдіршіндер төрт жасқа да толмаған, деп жазады Daily Mail.

Тергеушілер бұл қайғылы оқиға екендігін, бірақ сонда да олардың ата-анасына салғырттығы үшін айып тағылуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар