Төбелес шығарған «ҚазАгроҚаржы» АҚ топ-менеджерлері жұмыстан босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төбелес шығарған «ҚазАгроҚаржы» АҚ топ-менеджерлері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметтері бойынша, 2016 жылы 15 желтоқсанда орын алған оқиғадан кейін, қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша, корпоративтік этиканы бұзған «ҚазАгроҚаржы» АҚ топ-менеджерлері атқарып келген қызметтерінен босатылды.

«Тергеу барысында анықталғанындай, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары мен департамент директоры арасындағы дау жеке себептерден туындаған және олардың лауазымдық міндеттерімен, компания қызметімен байланысты болмаған. Тергеу кезінде олардың «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның корпоративтік этикасын бұзғаны анықталды және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен басқарма төрағасының орынбасары мен департамент директоры атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар