ТМД елдерінің әскерилері тәжірибе алмасу үшін Оңтүстік Қазақстанға келді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысына ТМД елдерінің әскерилері тәжірибе алмасу үшін келді. Әуе қорғаныс күштерінің 11 өкілі күнгейдегі әскери бөлімдерді аралап, заманауи үлгідегі әскери техникалармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Оңтүстік өңіріне арнайы келген қонақтар қатарында Ресей, Армения, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің әскерилері бар. Олар оңтүстіктегі әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, пікір алмасты. Шетелдік әскер қызметшілері облыстың қорғаныс күштерінің жетістігін жоғары бағалап, өңірдің мұражайлары мен тарихи орындарын тамашалады.

Айта кетейік, ТМД елдеріне қарасты әскерилердің жыл сайынғы кездесуі  дәстүрге айналған. Өткен жылы осындай басқосу Қырғызстан мемлекетінде өткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар